«Жан Моне» бағдарламасы бойынша вебинар өтті

Ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен 10 қараша 2018 ж. Университетіміздің конференц залында «Жан Моне» бағдарламасы  бойынша вебинар өтті. Вебинар барысында өтінім толтыру үшін қажетті процедуралар таныстырылды. Вебинарға Эразмус+ ұлттық орталығының үйлестірушісі Ш.У.Тасбулатова мен Доненск мемлекеттік университеті, Халықарық байланыстар бөлім меңгерушісі, Европалық интеграцияның оқытушылар және зерттеушілердің Украиналық ассоциация басқармасының басшысы, Эразмус+ орталығының үйлестірушісі Сикорская Ирина Николаевна қатысып onlain жүйесінде ақпарат берді. Осы жылғы басым бағыттарды атап көрсетіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ғылыми педагогтар қызығушылығы артып, вебинар 3 сағатқа созылды.