«Жан Моне» бағдарламасы бойынша мастер-класс өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында:

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді, деп атап көрсетті. Еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделінің артуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және еліміздің келешегі үшін жасалған ғылыми-әлеуметтік мәні зор батыл қадам.

Бұл  –Университетіміздің  бүгінгідей бәсекелестік салтанат құрған заманда, жастарымыз үшін үлкен мүмкіндіктер мен бастамаларға жол ашатын құндылықтарды қалыптастыруды мақсат етуіне негіз.  Университет Елбасы ұсынған жобаларды іске асыруға кірісіп, педагогикалық ұжымымен  басым он бағытты ой елегінен өткізіп, мақсаттар мен міндеттер тағайындады. Осыған орай, ғылым бөлімі алдағы жылдарға стратегиялық жоспарлар мен даму бағыттарына арналған іс-шараларды бастап кетті.  Елбасымыз көрсеткендей өнеркәсіптік революция жағдайына көшуді дамыған елдерден үйреніп елімізде жандандыру мақсатында қазіргі уақытта ҒПҚ халықаралық жобаларға тарту үшін бірнеше мастер-класстар мен вебинарлар өткізу жоспарланып орындалуда. «Жан Моне» бағдарламасы  бойынша мастер-класс өтті. Мастер класс барысында өтінімді қалай толтыруға болатындығы жұмыс барысында көрсетілді.

Жоба зерттеулеріне белсенділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында Университетте «Эразмус+» бағдарламасы негізінде орындалып жатқан «ЖОО-да медициналық білімді жандандыру» ModeHed жобасы бойынша жарнама жасалды. Эразмус+ бағдарламасы қаржы сметасында көрсетілген 6 721 230 теңгеге жоба жұмысын жүргізуге қажетті құрал жабдықтар алынып, педагогика-психология факультетіне қарасты 304 – дәрісхана жабдықталды. Жоба орындаушылары бірнеше халықаралық деңгейдегі біліктілігін жетілдіру курстарынан өткендігімен бөлісті. Жоба жұмысының нәтижиесі аудиовизуальды электронды оқулықты Лейпциг қаласында HTWK университетінде Исламкулова Э.Б. үздік қорғап шыққандығы паш етілді. Эразмус+ «Жан Моне» бағдарламасы  бойынша мастер классты: Ғылым бөлімінің басшысы Г.У.Байташева, Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедра меңгерушісі Т.Б.Байназарова, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Р.А.Төреханова, Ж.К.Тойшубекова жүргізді