«ЖОО-да медициналық білімді жандандыру» ModeHed жобасы

Университеттің ҒПҚ 2015 жылдан халықаралық «Эразмус+» бағдарламасына қатысып, «ЖОО-да медициналық білімді жандандыру» ModeHed жобасы орындалуда.

Осы жобаның ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін жариялау мақсатында университет көлемінде мастер класс ұйымдастырылды. ModeHed жобасының негізгі ерекшелігі қазіргі заман талабына сай біліктілікті жетілдіру мен тәжірбие алмасу жұмыстарының жүргізілу барысы баяндалды. Тәжірбие алмасу бойынша атқарылған іс-шаралар практикалық  түрде көрсетілді. Жоба жұмысын жүргізуге қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған Педагогика-психология факультетінің  304 – дәрісханасында өткізілетін сабақтар барысы көрсетіліп, әрбір құрал жабдықтың пайдаланылу ерекшеліктері таныстырылды.