Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен ақпараттық сессия болып өтті

Университетімізде 14 ақпан күні Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен ақпараттық сессия болып өтті.

Ақпараттық сессияға университетіміздің ректоры Динар Жүсіпәліқызы бастаған ғылыми педагогикалық құрам қатысып Эразмус+ бағдарламасы жөнінде толық қанды ақпарат алды.

Динар Жүсіпәліқызы Эразмус+ бағдарламасының мүмкіндіктері  мен болашағы жайлы айта келе ақпараттық сессияға қатысушыларды жоба жазуға, қатысуға шақырды.