ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 ақпанында «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+  жобасының рөлі» атты тақырыпта G-Global порталында Халықаралық ON-LINE конференция өтті.

Бұл ғылыми конференцияның  мақсаты – Эразмус+ бағдарламасының мақсаты,  мүмкіндіктері, ерекшеліктерімен таныстыру.  Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін университеттегі оқу бағдарламалары арқылы модернизациялау, оқу бағдарламаларының мультимедиялық құрамына инновациялық оқу технологияларын енгізу. «Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиенасы» курсын медициналық біліммен жаңғырту мәселелері бойынша ақпарандыру ғылыми конференцияны ұйымдастыруға негіз болып табылды.

Конференцияға қатысқандар: Фергана Мемлекеттік Университеті, Наманган Мемлекеттік Университеті, Андижан Мемлекеттік Университеті, Бұхара мемлекеттік медициналық институты, Ташкент медициналық академиясы, Медициналық педагогтардың Өзбек Қауымдастығы, Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру институты, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы. http://group-global.org/