ModeHEd жоба аясында қазақстандық серіктес ЖОО-ның кездесуі

2017 жылдың 25 қаңтарында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қаласы) ModeHEd жобасы барысында серіктес ЖОО-ның жұмыс кездесуі өтті. Жиынға ОҚМФА, ҚазҰМУ, ҚазМемҚызПУ ModeHEd жобасы бойынша үйлестірушілер мен бағдарламаны әзірлеушілер қатысты. Кездесуді жергілікті үйлестіруші (ОҚМФА) Ахметова Алма Абдукаримовна ұйымдастырып «Совершенствование лучших практик по оказанию первой доврачебной медицинской помощи» атты бағдарламаны әзірлеуші Ибрагимова Айгуль Гаффаровна баяндама жасады.

Университетімізден Байташева Гаухар Умиралиевна Mode Hed жобасы бойынша университет үйлестірушісі, Исламкулова Ильмира Бекетовна, Байназарова Турсынай Бейсембековна, Парманбекова Меруерт Хамитбековна «Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиена» атты бағдарламаны әзірлеушілері кездесу барысында өз ойларын ортаға салып, жаңғырту мәселелері жөнінде пікір алмасып, адағы уақытта Валеология бағдарламасын серіктес Өзбекстан университетімен бірігіп, кейбір мәліметтерді  талқылайтындығы жөнінде айтты.