Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен өткізілетін ақпараттық сессия

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда Эразмус+ – Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы болып табылады.

Осыған орай Cіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырып отырған Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен өткізілетін ақпараттық сессияға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны: 14 ақпан сағат 10:00 де Конференция зал