Эразмус+ бағдарламасы: талаптары, іріктеу тәртібі, мүмкіндіктері және тәжірбие алмасу

27 қаңтар 2016 жылы Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы мен Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің  Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Эразмус+ бағдарламасы: талаптары, іріктеу тәртібі, мүмкіндіктері» атты ғылыми-семинары өтті.

Семинар барысында ModeHed жобасының координаторы Байташева Г.Ө. Павол Йозефа Шафарин (Словакия) және Карл Университетіндегі (Чехия) медициналық білім берудің ерекшеліктері мен әдіс тәсілдеріне сондай-ақ, материалдық базасына тоқталып алған тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Эразмус+ бағдарласының ModeHED жобасының орындаушысы Байназарова Т.Б. 2016 жылы өткізілген іс-шаралармен таныстыра келіп аталған университеттерден алған тағлымын ортаға салды.

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі Тойшубекова Ж.К. Эразмус+ бағдарласының ModeHED жобасының талаптары, іріктеу тәртібі жөнінде баяндама жасады.

Семинар соңында тақырып бойынша оқытушылардың қызығушылығын тудырған сұрақтарға жауап беріліп, талқыланды.