ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Жастар G-Global-ды қолдайды» атты I  Республикалық жастар конкурсы шеңберінде өткізілетін Халықаралық ON-LINE конференция

Өтетін күні: 17  ақпан, 2017 ж.

Өтетін уақыты: 11.00.

Өтетін орны: конференция залы

Мекен-жайы: Қазмемқызпу,

Гоголь көшесі, 114.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+  жобасының рөлі» атты тақырыпта G-Global порталында Халықаралық ON-LINE конференция өткізеді.

Бұл ғылыми конференцияның  мақсаты – Эразмус+ бағдарламасының мақсаты,  мүмкіндіктері, ерекшеліктерімен таныстыру.  Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін университеттегі оқу бағдарламалары арқылы модернизациялау, оқу бағдарламаларының мультимедиялық құрамына инновациялық оқу технологияларын енгізу. «Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиенасы» курсын медициналық біліммен жаңғырту мәселелері бойынша ақпарандыру ғылыми конференцияны ұйымдастыруға негіз болып табылды.

Конференцияға қатысушылар: Прагадағы Карлов Университеті, Фергана Мемлекеттік Университеті, Наманган Мемлекеттік Университеті, Андижан Мемлекеттік Университеті, медициналық педагогтардың Өзбек Қауымдастығы,  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы.

Байланысқа шығатын университеттердің өкілдері және бағыттары:

  1. Прагадағы Карлов Университеті – профессор Станислав Стипек
  2. Фергана Мемлекеттік Университеті
  3. Наманган Мемлекеттік Университеті – Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Лутфуллаев Пулатхон
  4. Андижан Мемлекеттік Университеті – Халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Алимов Фарход
  5. Педагогтардың медициналық Өзбек Қауымдастығы
  6. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
  7. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы- Инновацияларды дамыту жөніндегі проректор, фар.ғ.к., Ахметова Алма Абдукаримовна
  8. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті- «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі» Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, а/ш.ғ.к., доцент Байташева Гаухар Умиралиевна. baitashevagauhar@gmail.com

Ұйымдастырушылар:

а/ш.ғ.к. профессор м. а. Байташева Г.У;

Қазмемқызпу, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы

Байланыс телефондары:

8 (727) 2-33-18-32

e-mail: gauhar75e@mail.ru

baitashevagauhar@gmail.com