ЭРАЗМУС + БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЛАЙ ӨТІНІМ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2016 жылдың 13 желтоқсанында «2017 жылғы Эразмус + байқауына қатысу үшін қалай өтінім жасауға болады»  тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Г.Ө.Байташева Жан Моне бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Университетімізде жүргізіліп жатқан ModeHed жобасы аясында Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Байназарова Т.Б. «Университетте медициналық білім беруді модернизациялау» атты өзінің баяндамасынның мақсаттары мен ондағы көкейкесті мәселелеріне тоқталып, бүгінгі күні осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарына талдау жасады.

Жан Моне бағдарламасының мақсаты Еуропалық Одаққа кіретін елдер мен одан тысқары елдердің жоғары білім беретін оқу орындары деңгейінде (кафедралар, модульдер, алдыңғы қатарлы тәжірибе орталықтары) зерттеу мен оқыту арқылы Еуропалық интеграция үдерістері туралы білімді кеңейтуге бағытталған.

Өтінімдер тікелей ЕАСЕА орындаушы агенттіктеріне жіберіледі.

Жан Моне бағдарламасы бойынша байқау 2017 ж.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 02/02/2017 г.

Өтінімдер eForm (электронды үлгі) және http://ec.europa.eu/education/opportunities/jean-monnet/index_en.html қосышасы арқылы беріледі.

Эрасмус+ бағдарламасы