«Жан Моне» бағдарламасы бойынша вебинар өтті

Ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен 10 қараша 2018 ж. Университетіміздің конференц залында «Жан Моне» бағдарламасы  бойынша вебинар өтті. Вебинар барысында өтінім толтыру үшін қажетті процедуралар таныстырылды. Вебинарға Эразмус+ ұлттық орталығының үйлестірушісі Ш.У.Тасбулатова мен Доненск мемлекеттік университеті, Халықарық байланыстар бөлім меңгерушісі, Европалық интеграцияның оқытушылар және зерттеушілердің Украиналық ассоциация басқармасының басшысы, Эразмус+ орталығының үйлестірушісі Сикорская Ирина Николаевна қатысып onlain жүйесінде ақпарат берді. Осы жылғы басым бағыттарды атап көрсетіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ғылыми педагогтар қызығушылығы артып, вебинар 3 сағатқа созылды.

 

«Жан Моне» бағдарламасы бойынша мастер-класс өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында:

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді, деп атап көрсетті. Еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделінің артуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және еліміздің келешегі үшін жасалған ғылыми-әлеуметтік мәні зор батыл қадам.

Бұл  –Университетіміздің  бүгінгідей бәсекелестік салтанат құрған заманда, жастарымыз үшін үлкен мүмкіндіктер мен бастамаларға жол ашатын құндылықтарды қалыптастыруды мақсат етуіне негіз.  Университет Елбасы ұсынған жобаларды іске асыруға кірісіп, педагогикалық ұжымымен  басым он бағытты ой елегінен өткізіп, мақсаттар мен міндеттер тағайындады. Осыған орай, ғылым бөлімі алдағы жылдарға стратегиялық жоспарлар мен даму бағыттарына арналған іс-шараларды бастап кетті.  Елбасымыз көрсеткендей өнеркәсіптік революция жағдайына көшуді дамыған елдерден үйреніп елімізде жандандыру мақсатында қазіргі уақытта ҒПҚ халықаралық жобаларға тарту үшін бірнеше мастер-класстар мен вебинарлар өткізу жоспарланып орындалуда. «Жан Моне» бағдарламасы  бойынша мастер-класс өтті. Мастер класс барысында өтінімді қалай толтыруға болатындығы жұмыс барысында көрсетілді.

Жоба зерттеулеріне белсенділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында Университетте «Эразмус+» бағдарламасы негізінде орындалып жатқан «ЖОО-да медициналық білімді жандандыру» ModeHed жобасы бойынша жарнама жасалды. Эразмус+ бағдарламасы қаржы сметасында көрсетілген 6 721 230 теңгеге жоба жұмысын жүргізуге қажетті құрал жабдықтар алынып, педагогика-психология факультетіне қарасты 304 – дәрісхана жабдықталды. Жоба орындаушылары бірнеше халықаралық деңгейдегі біліктілігін жетілдіру курстарынан өткендігімен бөлісті. Жоба жұмысының нәтижиесі аудиовизуальды электронды оқулықты Лейпциг қаласында HTWK университетінде Исламкулова Э.Б. үздік қорғап шыққандығы паш етілді. Эразмус+ «Жан Моне» бағдарламасы  бойынша мастер классты: Ғылым бөлімінің басшысы Г.У.Байташева, Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедра меңгерушісі Т.Б.Байназарова, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Р.А.Төреханова, Ж.К.Тойшубекова жүргізді

 

 

 

 

«ЖОО-да медициналық білімді жандандыру» ModeHed жобасы

Университеттің ҒПҚ 2015 жылдан халықаралық «Эразмус+» бағдарламасына қатысып, «ЖОО-да медициналық білімді жандандыру» ModeHed жобасы орындалуда.

Осы жобаның ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін жариялау мақсатында университет көлемінде мастер класс ұйымдастырылды. ModeHed жобасының негізгі ерекшелігі қазіргі заман талабына сай біліктілікті жетілдіру мен тәжірбие алмасу жұмыстарының жүргізілу барысы баяндалды. Тәжірбие алмасу бойынша атқарылған іс-шаралар практикалық  түрде көрсетілді. Жоба жұмысын жүргізуге қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған Педагогика-психология факультетінің  304 – дәрісханасында өткізілетін сабақтар барысы көрсетіліп, әрбір құрал жабдықтың пайдаланылу ерекшеліктері таныстырылды.

 

 

ModeHed жобасы бойынша құрал жабдықтар алынды

Бүгінде заман талабымен қоғамда көптеген өзгерістермен ерекшеліктер  орын алуда. Әлемдік деңгейдегі университеттермен тәжірбие алмасу барысы жандандырылуда. Университетіміздің бастауыш білім беру кафедрасының білім беру бағдарламасындағы медициналық білім беру бағыттарына сәйкес келетін пәндердің мазмұны жаңартылып, ModeHed жобасы міндеттеріне негізделіп ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Эразмус+ бағдарламасы ModeHed жобасы қаржы сметасында көрсетілген 6 721 230 теңгеге жоба жұмысын жүргізуге қажетті құрал жабдықтар алынып, педагогика-психология факультетіне қарасты 304 – дәрісхана жабдықталды.]

 

Рис.1. Манекен по уходу за пациентом- с инвентерным № 000032327

 

Рис.2. Модель мини-скелета- с инвентерным № 000032332

Рис-3.Модель сердца- с инвентерным № 000032331

  Рис 4.Модель почек- с инвентерным № 000032330

Рис 5.Набор наложения «Травма»- с инвентерным № 000032329

Рис 6. Анатомический плакат “Эндокринная система”- с инвентерным № 000032328

Рис 7.USB Flash Kingsion BGb USB флешка- с инвентерным № 00000006200

Рис8.Персональный  компьютер (монитор, системный блок , клавиатура ,USB, мышь)- с инвентерным №  000032334

Рис 9.Рабочая станция HPZ420  Xenn15 1603 y 328 GHz 4Gb SM DVDRW USB + монитор- с инвентерным №  00003233

Рис10. Ноутбук Asus X540 XX404T/15 6/Ci3-5005U/ 4Gb/500Gb/ NVGT920- 2Gb/No- с инвентерным № 000032335

Рис 11.Принтер лазерный HP Laser Jet Pro V420 dC5F92A 1200*1200 dpi 38 стр. в мин- с инвентерным № 000032336

Рис 12.Сканер HP ScanJet G4050 L 195 A4 4800*960 dpi 96 bit- с инвентерным №000032337

Рис 13.Экран моторизованный Mr/Pixel 80*80 (2,03*2,03)- с инвентерным № 000032338

Рис 14.Проектор ОРТМА S341- с инвентерным № 000032339

 

 

Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен ақпараттық сессия болып өтті

Университетімізде 14 ақпан күні Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен ақпараттық сессия болып өтті. Continue reading “Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен ақпараттық сессия болып өтті”

ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 ақпанында «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+  жобасының рөлі» атты тақырыпта G-Global порталында Халықаралық ON-LINE конференция өтті. Continue reading “ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі”

ModeHEd жоба аясында қазақстандық серіктес ЖОО-ның кездесуі

2017 жылдың 25 қаңтарында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қаласы) ModeHEd жобасы барысында серіктес ЖОО-ның жұмыс кездесуі өтті. Жиынға ОҚМФА, ҚазҰМУ, ҚазМемҚызПУ ModeHEd жобасы бойынша үйлестірушілер мен бағдарламаны әзірлеушілер қатысты. Continue reading “ModeHEd жоба аясында қазақстандық серіктес ЖОО-ның кездесуі”

Эразмус+ бағдарламасы: талаптары, іріктеу тәртібі, мүмкіндіктері және тәжірбие алмасу

27 қаңтар 2016 жылы Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы мен Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің  Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Эразмус+ бағдарламасы: талаптары, іріктеу тәртібі, мүмкіндіктері» атты ғылыми-семинары өтті. Continue reading “Эразмус+ бағдарламасы: талаптары, іріктеу тәртібі, мүмкіндіктері және тәжірбие алмасу”

«Жастар G-Global-ды қолдайды» атты Халықаралық ON-LINE конференция

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Жастар G-Global-ды қолдайды» атты I  Республикалық жастар конкурсы шеңберінде өткізілетін Халықаралық ON-LINE конференция

Өтетін күні: 17  ақпан, 2017 ж.

Өтетін уақыты: 11.00.

Өтетін орны: конференция залы

Мекен-жайы: Қазмемқызпу,

Гоголь көшесі, 114.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+  жобасының рөлі» атты тақырыпта G-Global порталында Халықаралық ON-LINE конференция өткізеді. Continue reading “«Жастар G-Global-ды қолдайды» атты Халықаралық ON-LINE конференция”