Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен өткізілетін ақпараттық сессия

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда Эразмус+ – Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы болып табылады.

Осыған орай Cіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырып отырған Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковнамен өткізілетін ақпараттық сессияға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны: 14 ақпан сағат 10:00 де Конференция зал

ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Жастар G-Global-ды қолдайды» атты I  Республикалық жастар конкурсы шеңберінде өткізілетін Халықаралық ON-LINE конференция

Өтетін күні: 17  ақпан, 2017 ж.

Өтетін уақыты: 11.00.

Өтетін орны: конференция залы

Мекен-жайы: Қазмемқызпу,

Гоголь көшесі, 114.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+  жобасының рөлі» атты тақырыпта G-Global порталында Халықаралық ON-LINE конференция өткізеді.

Бұл ғылыми конференцияның  мақсаты – Эразмус+ бағдарламасының мақсаты,  мүмкіндіктері, ерекшеліктерімен таныстыру.  Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін университеттегі оқу бағдарламалары арқылы модернизациялау, оқу бағдарламаларының мультимедиялық құрамына инновациялық оқу технологияларын енгізу. «Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиенасы» курсын медициналық біліммен жаңғырту мәселелері бойынша ақпарандыру ғылыми конференцияны ұйымдастыруға негіз болып табылды.

Конференцияға қатысушылар: Прагадағы Карлов Университеті, Фергана Мемлекеттік Университеті, Наманган Мемлекеттік Университеті, Андижан Мемлекеттік Университеті, медициналық педагогтардың Өзбек Қауымдастығы,  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы.

Байланысқа шығатын университеттердің өкілдері және бағыттары:

  1. Прагадағы Карлов Университеті – профессор Станислав Стипек
  2. Фергана Мемлекеттік Университеті
  3. Наманган Мемлекеттік Университеті – Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Лутфуллаев Пулатхон
  4. Андижан Мемлекеттік Университеті – Халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Алимов Фарход
  5. Педагогтардың медициналық Өзбек Қауымдастығы
  6. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
  7. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы- Инновацияларды дамыту жөніндегі проректор, фар.ғ.к., Ахметова Алма Абдукаримовна
  8. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті- «ЖОО-да медициналық білім беруді жаңғыртудағы халықаралық Эразмус+ жобасының рөлі» Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, а/ш.ғ.к., доцент Байташева Гаухар Умиралиевна. baitashevagauhar@gmail.com

Ұйымдастырушылар:

а/ш.ғ.к. профессор м. а. Байташева Г.У;

Қазмемқызпу, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы

Байланыс телефондары:

8 (727) 2-33-18-32

e-mail: gauhar75e@mail.ru

baitashevagauhar@gmail.com

ЭРАЗМУС + БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЛАЙ ӨТІНІМ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2016 жылдың 13 желтоқсанында «2017 жылғы Эразмус + байқауына қатысу үшін қалай өтінім жасауға болады»  тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Г.Ө.Байташева Жан Моне бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Университетімізде жүргізіліп жатқан ModeHed жобасы аясында Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Байназарова Т.Б. «Университетте медициналық білім беруді модернизациялау» атты өзінің баяндамасынның мақсаттары мен ондағы көкейкесті мәселелеріне тоқталып, бүгінгі күні осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарына талдау жасады. Continue reading “ЭРАЗМУС + БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЛАЙ ӨТІНІМ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ”